
Дөңгелек үстелді ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серікжан Берікбаев ашты. Жиынның арнайы қонақтары ретінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын шақырылды. Жиын барысында еліміздің даму стратегиясы, халықпен жұмыс істеу кезіндегі түйткілді мәселелер назардан тыс қалмады. Дәл бұндай тағылымы мол кездесулер тәжірибе алмасуға, өңір саясатын дамытуға өз үлесімді қосам дейтін азаматтарға керек-ақ.