Жаңалықтар

26.11.2021 ж. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы қабырғасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Құтты білік» және мемлекеттік қызмет этикасы» тақырыбында Development day шарасы өтті.

?Аталмыш пікір алаңының қонақтары:
✅ Ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ бас маманы Қайрат Асқаров;
✅Заң ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, филиалымыздың доценті Болат Сыздық;
?Development day барысында келесідей ойлар жіті талқыланды:
?Жүсіп Баласағұн — Ұлт құндылығын ұлықтай алған ұлы тұлға;
?«Құтты Білік» еңбегінің бүгінгі таңдағы маңызы;
?Ел басқару жүйесінде «Құтты білік» әдіснамасын қолдану;
?Жүсіп Баласағұн, қазақ афоризмдеріндегі құқықтық мазмұн;
?Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» атты бай мұрасы тек әдеби шығарма емес, мемлекеттік қызмет этикасының, басқару жүйесінің таптырмас әдіснамасы ретінде бүкіл әлем мойындаған. Сонымен қатар, мемлекеттік басқару жүйесінде құқықтық нормалар, заң әдептерін ұлттық дүниетаным тұрғысынан қарастыру мұқтаждығы туындауда. Бұл өз кезегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының басты бағыттарының бірі.
?«Өз пайдаңды ойлама – ел пайдасын ойла: өз пайдаң соның ішінде», деген Ж.Баласағұнның сөзі мемлекеттік қызмет этикасының басты ұстанымына айналуы тиіс.
Возможно, это изображение (6 человек, в помещении и офис)
Возможно, это изображение (12 человек, люди стоят, офис и в помещении)