Жаңалықтар

2021 жылғы 5 наурызда ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары білім саласындағы парасаттылық тақырыбына Қазақстанның жоғары оқу орындары ректорларының форумы болып өтті.

Карантиндік шараларға байланысты қонақтардың бір бөлігі оффлайн-форматта, ал еліміздің жоғары оқу орындарының басқа да өкілдері бейнеконференцбайланыс арқылы қатысты.
Форумға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов, ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі Альтаир Ахметов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов, сондай-ақ
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо, сондай-ақ Қазақстанның 50-ден астам университет ректорлары қатысты.
✅Академия ректоры Ерлан Әбіл Академиядағы парасаттылық мәдениетін қалыптастыру тәжірибесі туралы айтты, ал қызметкерлер бизнес-процестердің ашықтығын арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру және парасаттылықты дәріптеу бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қазіргі уақытта Академия квазимемлекеттік сектор ұйымдарында ISO 37001 стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу бойынша бірнеше жобаны іске асыруда.
«Осыған байланысты біз сіздермен практикалық тәжірибемен бөлісуге және ISO 37001 стандартына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін енгізу бойынша қолдау көрсетуге дайынбыз. Академия мемлекеттік басқару саласында кәсіби байланыстар орнату, өзекті пікірталас мәселелерін талқылау және тәжірибе алмасу алаңы болуға дайын. Академияда филиалдық желі құрылған, соның негізінде жаңа таланттарды іздеу және оларды мемлекеттік қызметке тарту үшін өңірлік жоғары оқу орындары мен ЖАО арасында диалогтық алаңдар құруға болады» — деді

Ерлан Абил.
?Кездесу қатысушыларына Академияның бизнес-процестері, одан әрі ынтымақтастық орнату мен тәжірибе алмасу үшін мүмкіндіктер мен өнімдер таныстырылды.
Сондай-ақ, форум барысында университеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда жүйелік тәсілді дамыту және парасаттылықты қалыптастыру мәселелері қаралды.