2021 жылдың 23 қыркүйегінен бастап ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында Қарағанды қалалық мәслихатының депутаттарына біліктілікті арттыру курстары басталды.
Бүгінгі, ҚР Бюджет кодексін түсіндіру бойынша курсты АССА сертификатының иегері, Қаржы министрлігінде 20-жылдан астам тәжірибесі бар шақыртылған лектор Н.К.Аширова өткізді.