

Жоба тақырыбы: «Қарағанды қаласында жастар әлеуетін дамыту бойынша мәдени-сауық орталығын ашу». Аталмыш жобаны филиалымыздағы «Жобалық менеджмент» саласының арнайы мамандарынан құралған комиися мүшелері сәтті деп танып, әділ бағасын берді. Себебі «Қазақстан Республикасының жастарын қолдаудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында оқыту, үйлесімді тәрбие беру және жастардың шығармашылық әлеуетін кезең-кезеңімен дамыту үшін қазіргі заманғы, инновациялық, жастардың мәдени-демалыс орталығын ашу, Сондай-ақ, Қарағанды қаласында тұратын «NEET» санатындағы жастардың бос уақытын қызықты және пайдалы өткізуіне жағдай жасау қажеттілігі туындауда.
#NEET #project #management #ҚР #жобалық_менеджмент #ШГС #Qaragandy