
Тіркеу бірінші кезектегілер қағидаты бойынша жүзеге асырылады, ал тіркелмеген үміткерлер онлайн платформада рәсімдер кестесіндегі бос «терезелерге» автоматты түрде бөлінеді.

Бұл кезең

бағалау блогынан тұрады:
— ассессмент-орталық;
— құзыреттер бойынша сұхбат.

Ассессмент-орталық оффлайн форматта өтеді.

Құзыреттерді бағалаудың осы блогы топтық және жеке жаттығулардан тұрады, процесс барысында үміткерлердің мінез-құлқын сертификатталған сарапшы бағалаушылар бақылайды.

Құзыреттерді бағалауға барлығы кемінде 20 сертификатталған бағалаушы мен 5 сырттай бақылаушы (супервизор) тартылатын болады.

Ассессмент-орталық рәсімінің ұзақтығы 6-дан 8 сағатқа дейін созылады.

Ассессмент-орталықтың нәтижелері бойынша әрбір үміткерге қысқаша есептер жасалып, олар рәсім өткен сәттен бастап 20 жұмыс күннен кешіктірілмей үміткерлердің жеке кабинеттерінде орналастырылады.