Осыған орай
29.10.2021 ж. сағ: 15.00-де филалымызда облысымыздың әр саладағы мемлекеттік қызметкерлеріне арналған «Development day» шарасы өтті. Кештің модераторлық қызметін атқарған ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Серикжан Байбосынов . Сонымен қатар аталмыш тақырыпты жан-жақты талдап, жаңа тұжырымдаманы жіті түсіндіріп берген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сараптама орталығының директоры Болат Әйтімов, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Асхат Оразханның тұщымды ойлары көңілге қонымды болды. Тағы бір айта кетерлігі, жиын онлайн форматта өткендігі. Облысымыздың әр түкпірінен белгілі заңгер ғалымдарымыз да қатысып, өз ойларын ортаға салды.




