Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының әйелдер қауымын халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 Жақсылықтың нышанындай, қар астынан мына суық әлемге жылу шашқан жауқазындай, саф алтындай тазалығы мен сұлулығын беретін, жайма шуақ сәулелерін төгетін, көңілдерге қуаныштар егетін ерекше мереке қарсаңында әрқашан отбасыларыңыздың ажары, жүрген орталарыңыздың базары болыңыздар дегіміз келеді.
Пәк сезім жүректерге гүл жайып,
Ғашықтығым күннен-күнге ұлғайып.
Айдындағы аққу сынды ғажап тым
Аруларға гүл шоқтарын сыйлайық