Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру семинарлары, мемлекеттік органдарда үнемі сұранысқа ие болатындығы байқалады, өйткені қазіргі заманауи қазақстандық саясаттың бағыттарына сәйкес келеді. 2019 жылдың 4-5 қарашада күндері өткен «Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы» атты семинарға облыстың әр өңірінен 56 мемлекеттік қызметші жиналды, олар қатар екі топ құрып психология, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама, мүдделер қақтығысы және латын графикасын пайдалану бойынша білім алды. Семинардың негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында мүдделер қақтығысының алдын алу, анықтау және реттеу мәселелерінде бірыңғай тәсілді қалыптастыру болып табылады.
Дәріс алу сабағын Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушылары Сулейменова Алтынай Ислямовна, Тусупова Сауле Әбілханқызы және психология магистрі, Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы Мухамедкаримова Динара Фархатовна жүргізді.
Мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы туралы
