Жаңалықтар

Мемлекеттік қызмет мектебінің маусымы ашылды

Мемлекеттің талабы, мемлекеттік органдарға кездейсоқ адамдар емес, арнайы дайындалған, сауатты, құзыретті, тек кәсіби емес, сондай-ақ белгілі бір жеке қасиеттері бар мамандар жұмысқа келуге мүдделі екені. Осы мемлекеттік басқару саладағы теориялық және практикалық білім негіздерін Е. Букетов атындағы ҚарМУ, Политехникалық университеті,Қарағанды экономикалық университеті, Қарағанды Медициналық академия студенттері, қолына алады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалында мемлекеттік қызметке бағыттап, оқыту мектебінің кезекті маусымы басталды.
 Болашақ мемлекеттік қызметшілерге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Бейбітқызы Байханова және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының директоры Азамат Сағатұлы Жолманов құттықтау сөз сөйлеп қабылдады. Нәтиже деңгейі үшінші аптаның соңында белгілі болады.