Жаңалықтар

Бүгін Қарағанды облысының экономика басқармасы және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы арасындағы консалтингтік қызмет көрсету бойынша осы жылдың қорытынды отырысы өтті.

Онлайн форматта өткен жиын барысында жыл бойы екіжақты ынтымақтастық арқасында жеткен жетістіктерге тоқталып, өңіріміздегі жобалық менеджмент, мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін артырудағы маңызды мәселелерге тоқталды.
Жиынға қатысушылар өзара пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақыттағы жоспарларын ортаға салды.
«Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің жұмыс орнында өздерінің мемлекеттік биліктің мүддесін білдіретінін түсінуі, осыған орай азаматтардың әрбір пікіріне барынша мұқият және мүдделілікпен қарауы, қай жерде және қандай себеппен туындаса да, туындаған жанжалдардың алдын алуға, не болдырмауға тиіс»- деген Президентіміздің сөзі осы орайда лайық айтылған.
 
Возможно, это изображение (4 человека)