Бүгін филиалымызда Тұңғыш Президент күні мерекесін атап өту,
Елбасының «Елдікті сақтаудың жеті тұғыры» атты қағидаттар жинағын талқылау, маңыздылығын насихаттау мақсатындағы дөңгелек үстел өтті. Сонымен қатар филиалдың жыл бойғы жетістіктеріне тоқталды. Егемен еліміздің ән ұранымен басталған жиын барысында Елбасының осыған дейінгі бағдарламалық құжаттарына тоқталып, алдағы даму жолымызда осы қағидатты ұстану басты басымдық деп танылды.



