Жаңалықтар

Бүгін филиалда ағымдағы жылдың 1-3 маусымы аралығында өткізілетін «Әйелдер көшбасшылығы», 💱»A-дан Я-ға мемлекеттік сатып алу» біліктілікті арттыру семинарлары

?Бүгін филиалда ағымдағы жылдың 1-3 маусымы аралығында өткізілетін ?‍♀️«Әйелдер көшбасшылығы», ?«A-дан Я-ға мемлекеттік сатып алу» біліктілікті арттыру семинарлары, сонымен қатар, 01-19 маусым аралығында өтетін «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары» және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары» онлайн Microsoft Teams ?платформасында басталды.

?‍♀️«Әйелдер көшбасшылығы» семинарында талқыланатын тақырыптар: Саясат пен саяси кеңістіктегі әйелдердің көшбасшылық рөлі; Басқару саласында әйелдердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; Басқарудағы, саясаттағы, саяси институттардағы, процестердегі, халықаралық қатынастардағы әйелдердің рөлі; Әйел көшбасшылығының мәні мен болашағы; Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым.
Семинар тренерлері: ?‍?Жанаргуль Жумабаевна Кульмагамбетова – бизнес-жаттықтырушы, «Атамекен» ҰҚП іскер әйелдер кеңесінің мүшесі, ?‍?Асем Тезекбаевна Ташенова -» Қазақстан Республикасы Агенттігінің мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Қарағанды облысы бойынша Департаментінің бас маманы, ?‍?Сауле Абилхановна Тусупова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы.
?«A-дан Я-ға мемлекеттік сатып алу» семинарының мақсаты? мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік сатып алу саласы бойынша кәсіби құзыреттерді арттыру болып табылады. Осы семинарда: Электрондық мемлекеттік сатып алу жаңалықтарын қолданудың практикалық дағдыларын дамыту; Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым тақырыптары қарастырылады.
Семинар тренерлері: ?‍?Данияр Токтарович Нурмуханов– Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Қарағанды облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті бөлімінің басшысы; ?‍?Жанар Смаганбетовна Дюсетаева– Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы; ?‍?Сауле Абилхановна Тусупова – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы.
?01-19 маусым аралығында өтетін «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметіне алғаш кірген мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары» және «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік басшы лауазымына тағайындалған мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау курстары барысында тыңдаушылармен мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметтің өзекті мәселелері, стратегиялық жоспарлау, жобалық басқару негіздері, қызметті басқару және шешімдерді қабылдау, Латын графикасы негізіндегі ресми жазылым, сонымен қатар өңірлік дамыту бағдарламалары талқыланады.