Кездесуге Асылбекова Сандуғаш Cәбетқызы Қарағанды қала әкімінің аппара жетекшісі «Ашық есік» күнің ашты. Филиал директоры С.Байбосынов кіріспе сөз сөйлеп, оқуға түсудің талап-ережелерін үміткерлерге түсіндіріп, кеңестер берді.
Академия түлегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің жетекші маманы Қайыр Жанар Дайырқызы сөз алып, әріптестеріне Академияда оқудың маңыздылығы мен қажеттілігін айтып, оқуға түсуге жігерлендірді.