Жаңалықтар

Барлығыңызды Елорда күнімен құттықтаймыз!

Біздің елордамыз – көпұлтты және көпконфессиялы еліміздің бірлігінің кепілі, жаңару мен қайталанбас сәулеттік келбеті бар мемлекет тәуелсіздігінің символы.

??Қазақстанның жаңа астанасын құрудың негізгі рөлі еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа тиесілі. Елбасымыздың бас қаланы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы бірегей шешімі 1994 жылғы 6 шілдеде Жоғарғы кеңесте қабылданып, бұл күн айтулы күнге айналды.
Басқа да мемлекеттік ұйымдармен бірге 2000 жылы Ұлттық Жоғары Мемлекеттік басқару мектебі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру институтының бірігуі арқылы құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы Астана қаласына қоныс аударды.
Бүгінгі таңда Академия мемлекеттік басқарушыларды тиімді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруға арналған зияткерлік алаң болып табылады. Ерекше мәртебеге ие, мемлекеттік басқару саласындағы озық жалғыз білім беру мекемесі – Академия 2700-ден астам түлек дайындап шығарды. Жыл сайын 25 мыңға жуық мемлекеттік қызметші Академияда және оның филиалдарында өз біліктіліктерін арттырып, кәсіби дағдыларды меңгереді.
Елдегі қазіргі пандемия жағдайы Академияның жұмысына да өз әсерін тигізді. Ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап біз онлайн және қашықтан оқыту түріне көштік. Қазіргі сын-тегеуріндер мемлекеттік басқару жүйесін, қызметімізді қайта қарауды және дамудың басқа жолын құруды талап етеді.
Сыни кешенді талдау негізінде Академияны әрі қарай дамыту шаралары анықталды. Біз барлық мүдделі тараптармен бірлесіп, өзара тығыз жұмыс жасау арқылы қиындықтарды жеңетінімізге сенімдіміз.
Құрметті әріптестер, Сіздердің кәсібиліктеріңіз, табандылықтарыңыз бен әрбір істі бар ынтамен атқаратындарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіре отырып, баршаңызды Астана күнімен тағы бір мәрте құттықтаймыз!!!
Сіздерге және жақындарыңызға зор денсаулық, бейбітшілік, мейірімділік пен өркендеу тілейміз!!!