Біздің Филиалда 6 468 адам оқытылды.
Жалпы саны 111 курс және біліктілікті арттыру семинарлары өтті.
ҚР Президенті аппаратының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың сәуір айынан маусым айына дейін біз өңірдің 4 492 мемлекеттік қызметшісін Әкімшілік процестік кодекстің негізгі ережелерін түсіндіру бөлігінде оқытылды.
2021 жылғы шілдеде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңға сәйкес аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер әкімдерінің тікелей сайлауы өтті. ҚР Ұлттық экономика министрлігі әзірлеген бағдарлама бойынша сайланған 75 ауыл әкімі біздің филиалда оқытудан өтті
Жобалық менеджмент енді мемлекеттік басқару және жоспарлау жүйесіне енеді. Филиалда жыл бойы ЖМ дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізілді: бірқатар бағыттар бойынша Қарағанды облысының жобалық кеңсесімен бірлескен жұмыс жүргізілуде; Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.А. Алпысовтың тапсырмасы бойынша Академия ректорының қатысуымен басқарма басшылары үшін ЖМ бойынша қосымша оқыту жүргізілді; осы тапсырма бойынша одан әрі сетрификациялаумен ЖМ үшін жауапты мамандар оқытылды.
Филиал қызметкерлерінің 70% астамы жобалық менеджмент бойынша оқытудан өтті, 5 қызметкер І деңгей бойынша «Жоба жетекшісі» ретінде сертификатталды, 3 қызметкер IV деңгей бойынша » Тренер-консультант» сертификатына ие.
Академияның Қарағанды облысы бойынша филиалының ұжымы барлығын келе жатқан Жаңа жылмен құттықтайды! Баршаңызға зор денсаулық, табыс және алға қойған барлық мақсаттарыңызға жетуді тілейміз!