12 мамырда филиал директоры Байбосынов С.Б Саран қаласында іссапарда мемлекеттік мекемелер басшылары мен мамандарға 2022 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу үшін қандай кезеңдерден өту керектігі туралы айтып берді.
⠀ Ақпараттық сессия барысында Академияға түсу ережелерін түсіндірді. 23 шілдеге дейін құжаттарды тапсыруға асығыңыз!