Жаңалықтар

📌Өңірдегі жұмыспен қамту қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде өткен кездесу

Келген жаңа жылдың 13 қаңтар күні, Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында «Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша Департаменті» РММ-ң жанында құрылған Қарағанды облыстық ақпараттық-насихат Штабының кезекті отырысы өтті (Штаб құрамы барлығы – 12 адам).

Штаб құрамындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушылары Серік Мұстафин, Алтынай Сулейменова және Қарағанды қ. Октябрь ауданының №5 ХҚКО-ң бөлім жетекшісі Бақытжан Ташенов қатысты.
Кездесу кезінде сөз бастаған Серік Мұстафин, қатысушы мемлекеттік қызметшілерге Штабтың құрұлу мақсаты мен міндеттерін айтып жеткізді.
Сонымен қатар, бүгінгі іске асыратын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жолдарының бірі, ол Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасы болып табылатынын атап өтті. Іске асырылып жатқан осы шараға, нақты және басымды көңіл берілуі тиіс екенін де, тыс тастамады.
Жалпы халыққа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы істі, неғұрлым рухани жаңғыру негізінен бастаған жөн екенін білдірді. Ішкі дүние, сана, сезім оянбай, бұл істің бетін қайтару оңай болмастығы белгілі. Сөз аяғында Серік Мұстафин халықаралық тәжірибе Сингапурдың «Алтын Ереже» бағдарламасының негізін түсіндіріп, сонымен қатар құрұлған Штабтын эмблемасындағы «STOP» сөз мәтінінің мағанасы басымды бағыт екенін білдірді.
Сөз алған Алтынай Сулейменова, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық бағыттағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде дәрежелі мысалдар келтіріп, мемлекеттік қызметшілермен бірге талдап, оң бағыттарын белгіледі.
Келесі Штаб мүшесі Бақытжан Ташенов, әлеуметтік қызмет көрсету саласының қызметкерлерімен, нақты қызметке (көмекке) зәру адамдарға жасалып жатқан іс-шаралар жөнінде тоқталып өтті. Кездесу барысында, бөлім жетекшісі Ермек Нуксуев, қойылған сұрақтарға тартымды және нақты жауап беріп, өзі ісінің маны екенін білдірді.