Жаңалықтар

ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ ЖЫЛДАР

Кеш жарық, достар!
?Бүгін «Nur Otan» партиясы Қарағанды облыстық филиалы мен ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы және «Jas Otan» Жастар Қанатының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығына және партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысының қорытындысына арналған «ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ТОЛЫ ЖЫЛДАР» зияткерлік ойыны өтті.
?Аталмыш тақырыптарды қамтыған ойынның негізгі мақсаты: аға буын мен жастар арасында сабақтастық орнату, тәуелсіздіктің 30 жылдығанда жеткен жетістіктерімізді кеңінен насихаттау, қоғамдық пікір көшбасшылары арасында өзара пікір алмасу және Елбасының «Елдіктің жеті тұғыры» атты Үндеуін кеңінен талқылау арналған еді. Осы сайыста Филиалымыздың намысын қорғағандар:
?Білім беру бағдарламарын іске асыру және ілгерілету кабинетінің жетекшісі Азамат Жансейітов;
?Білім беру бағдарламарын іске асыру және ілгерілету кабинетінің аға оқытушысы Ерзат Ермағамбетов.
?Атап айта кетерлігі, ойын 4 адамнан құралған 4 топтан тұрды. Филилал атынан қатысқан екі үміткеріміз топ басшысы болып, тартысты ойын үлгісін көрсете білді. Филиалымыздың аға оқытушысы Ерзат Ермағамбетов бастаған топ жеңіс тұғырынан көрініп, бас жүлдені жеңіп алды.?
Құттықтаймыз!??
 
Возможно, это изображение (3 человека, люди сидят, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (2 человека, люди стоят, люди сидят, костюм и в помещении)
Возможно, это изображение (10 человек, люди стоят и в помещении)
Возможно, это изображение (5 человек, люди стоят, люди сидят, костюм и в помещении)