Жаңалықтар

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы.

 Осыған орай еліміздің түкпір түкпірінде атаулы іс-шаралар арқылы Абай мұрасы өз деңгейінде ұлықталуда. Онымен қоймай биылдан бастап 10-тамыз «Абай күні» ретінде атап өтілетіні белгілі. Бұл да ақын рухына деген ерекше ілтипаттың белгісі. Хакімнің туған күніне орай Қарағанды қаласындағы Абай ескерткіші алаңында ақын рухына тағзым етіп, гүл шоғырлары қойылды. Аталмыш шараға Қазақстан Республикасы Президенті жаняындағы мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы да ат салысып, ақын рухына тәу етіп қайтты. ?Ұлт руханиятының өркендеуіне, қазақ прозасында өзіндік бірегей ізін қалдырған жазушы Асқар Сүлейменовтен сұраған екен. «Осы біз қай әңгіме болсын Абайға тоқталмай кетпейміз. Оның әр сөзін жаңа қырынан танудан талмаймыз. Осы Абай ескіре ме?» десе Асқар Сүлейменов: «Қазаққа ес кіргенде, Абай ескіреді» деп жауап берген екен. Рас, осыншама телегей теңіз білім иесі Абай Құнанбайұлы қазақ поэзиясының атасы атанып қана қоймай, қазақ руханиятының басында тұрған мәуелі ағашы. Ұлт руханиятына сіңірген еңбегі елеулі екені әлімсақтан белгілі. Ұлт қана емес, адамзатты тәрбиелеуде маңыздылығын жоғалтпайтын өміршең шығармалары әлі де ғасырлар керуеніне төтеп берері хақ. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Абай – рухани реформатор» деген сөзі осы тұрғыда дәл айтылған. Еліміздің рухани жаңғыруында, ұлттық кодты сақтап қалуда Абай мұрасы зор үлес тигізбек. Хакім рухы мәңгі жасасын!