Ырыс пен берекенің бастауы — Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!Наурыз — күн мен түн теңелетін, табиғат пен адам нұрлы шуаққа, мейірім, қуатқа кенелетін ырысты, тынысты күн. Өткеннің өкпесін ұмытып, кешірімге келетін, жақсы ниетке сенетін мейрам! Алыстаған ағайын қауышатын, айырылысқан дос-жаран табысатын сәт. Қоршаған әлем мен жан-дүние тазаратын, жер жаһан масатыға еніп жаңаратын кез. Келешекке қам жасап, тың жобалар ойлатын күн. Ендеше, Ұлтымыздың мерейін өсіріп, бар болмысымызды айшықтайтын қасиетті — Наурыз мерекесі Отанымызға — береке мен шаттық, халқымызға — игілік, әрбір отбасыға құт пен мен молшылық әкелсін! НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!