Новости

Облыс әкімі филиалмен танысты

Бүгін Академияның 30 жылдық мерейтойы аясында Қарағанды облысы бойынша филиалында облыс әкімі Ермағанбет Қабдулаұлы Бөлекпаев қайта даярлау курсының тыңдаушыларымен кездесті.

?Кездесуде Академия тыңдаушылары мемлекеттік басқарудың және қоғам дамуының өзекті сұрақтарын тереңінен талдап, облыс әкіміне экономиканың әр саласы бойынша еркін форматта өз ойларын жеткізді.

⚜️Филиалда жаңа жылдың алғашқы дәрісін облыс басшысы өткізуі дәстүрге айналмақ. Облыс әкімі аталған идеяға қолдау білдіргені қуантарлық жайт.

?Облыстың сан-салалы күрделі шешімдерді талап ететін жауапты қызметінде уақыт тауып, білім маңызына мән берген, жас буын мемлекеттік қызметшілермен өз ойларымен ашық бөліскен Ермағанбет Қабдулаұлына алғыс айтып, ел игілігі жолындағы жауапты қызметіне мол табыс тілейміз.