🔷Мемлекеттік басқару академиясының жас мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен “Халық үні: қоғамда тиімді диалогты қалай орнатамыз?»тақырыбында зияткерлік дебат-марафоны өтті. Іс-шара барысында мемлекеттік аппарат пен қоғам арасындағы тиімді байланыс орнату жолдары талқыланып, билік пен халық арасындағы жемісті диалог құруға қатысты ұсыныстар айтылды.
👨⚖ Әділқазылар алқасы:
•Талғат Қуанышұлы – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының профессоры;
•Айсұлу Ерниязова – Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының жаңа басшысы;
•Серікжан Берікбаевич – ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры.
🔹 Үш команда арасынан әділ шешіммен жеңіске “Elge Qyzmet” командасы жетті!
✨ Сонымен қатар, іс-шараға белсенді қатысқан барлық спикерлерге алғыс хаттар мен арнайы сыйлықтар табысталды.
👏 Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! Ел мүддесі үшін қызмет ететін жастардың көбейе беруіне тілектеспіз!