МАҚСАТТЫ АУДИТОРИЯ: Көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдыларын арттыруға арналған семинар.
МАҚСАТЫ:
Шешендік өнер туралы мағұлмат беру, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, жүйелі, түсінікті сөйлеп үйренуге баулу, шебер сөйлеудің техникасын меңгерту, көпшілік алдында сөйлеуге қажетті дағдыларды, білімді, амал-тәсілдерді тыңдаушы бойына дарыту.
ШОЛУ:
- Интернет, әлеуметтік желілер және басқа да ақпараттық технологиялардың пайда болысымен көпшілік алдында сөз сөйлеуден (баспасөз конференцияларынан, баяндамалардан, есептерден, брифингтерден және т.б.) күтілетін нәтижелер өзгеруде.
- Жұрт алдында дұрыс сөйлеу және көпшіліктен күтілетін нәтижені алу үшін спикерден кем дегенде негізгі коммуникативтік дағдыларды сенімді меңгеру, аудиторияны түсіну және аудиторияға бағдарлану, сөз сөйлеу мәтінінің және оны жеткізуі кәсіби болуы талап етіледі. Бұл семинар дәл осы аспектілерге негізделген.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР:
- сөз сөйлеулер мен презентацияларды дайындау дағдылары
- көпшілік алдында сөз сөйлеудегі «қорқынышты» жеңу дағдылары
- аудиторияны түсіну және аудиториямен байланыс орната білу дағдылары
- тиімді сөз сөйлеу және материалды жеткізу дағдылары
- сөз сөйлеу барысында және жұрт алдында сөйлеуге дайындық кезінде қазіргі заманғы ақпараттық және коммуникациялық технологиялар мен ресурстарды қолдана білу
ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР (БҚШ):
- Өзін-өзі дамыту
- Көшбасшылық
- Ынтымақтастық және өзара іс-қимыл
ТРЕНЕРЛЕР:
Мусабеков Бахытқали — «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудағы облыстық жобалық офистің бас менеджері.
Тусупова Сауле Абильхановна — ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы