Новости

Латын әліпбиі: жаңғыру – жазудан басталады

Мемлекетіміздің одан әрі дамып, көркейіп, гүлденуі үшін қолға алынған бастамалардың бірі – латын әліпбиіне көшу.
Өткен аптада, ұлы ақын Абай есімін арқалаған Саран гуманитарлық-техникалық колледж шаһарының төрінде, Орталық қалалық кітапхананың мұрындық болуымен «Латын әліпбиі – ел ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараға «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекттік басқару академиясының» РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалының оқытушысы, саясаттанушы Серік Мұстафин, «Саран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ әдіскері Береке Жарылғапова, колледж ұстаздары мен студенттердің арасында қазақ тілі әліпбиінің латын қарпіне көшуінің артықшылығы, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, заманауи ақпарат технологияларға кеңінен қол жеткізу мүмкіндігі туралы түсіндірілді.

Дөңгелек үстел қонақтары өз баяндамалары арқылы жаңа әліпбиге көшудің мәні мен маңызын айтып, орамды ойларын ортаға салды. (18.09.2019 ж. «Саран газеті» №75(1158)).