Жаңалықтар

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

????Егемен еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы үшін жанын қиған, ата-бабамыздың ерен ерлігімен, қажырлы қайратымен келген Жеңіс күні құтты болсын!

?«Биыл, 75 жыл толғалы отырған Ұлы Жеңіс күні баршамыз үшін аса маңызды. Сұрапыл соғыс жаңғырығы миллиондаған боздақтар есімі мен олардың орындалмай кеткен асқақ армандарын санамызда мәңгілік жаңғыртып тұрады, ұрыс даласы мен алыс тылдағы жанқиярлық ерлік пен теңдессіз батылдық, биік рух пен Ұлы Жеңіске деген берік сенімді ұдайы есімізге түсіреді.

Тарихи оқиғалар жылнамасын жадыда сақтау – келешек ұрпақ бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың бірден-бір жолы! Өйткені, біздің төбеміздегі бейбіт, ашық аспан жолында миллиондаған солдат өз жанын құрбан етті», — Ақмарал Қасымбекова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының мұражай қызметкері.

??Тарих бетінде мәңгіге сақталар осынау атаулы күні барша Отан қорғаушыларды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Қан майданда жанын пида етіп, қасықтай қаны қалғанша күресіп, өшпес ерлік көрсете білген барша ардагер ата-апаларымызға шексіз алғыс пен аса зор құрмет білдіреміз!