ҚАЗАҚСТАН: КӨШІ-ҚОНДЫ БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ЖҰМЫС КҮШІНІҢ ҰТҚЫРЛЫҒЫ атты семинар өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған бұл курс Республикалық «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы бірнеше жобаларды қамтып өтті. Айта кетерлігі, аталмыш семинарға Қазақстанның көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымының (ХКҰ) көші-қон бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Светлана Жасымбекова онлайн форматта қатысып, көші-қон бағдарламасының алдағы уақытта елімізге тигізер орасан зор пайдасы туралы пікірімен бөлісіп, семинарды ашып берді. Тыңдаушылардың басым көпшілігі мемлекеттік қызметкерлер мен журналистер. Семинар соңынан барлық қатысушыға сертификаттар табысталды. #оқу_білім_бұлағы #век_живи_век_учись #migration #management #Facebook #миграция #ҚР #Qazaqstan