⠀
Сұхбаттасуды өткізудің мақсаты – Академияда білім алу үшін үміткердің әлеуетін анықтау.
⠀
Сұхбаттасу барысында әрбір үміткерге сыни және жүйелі ойлау, кәсіби және коммуникативтік дағдылар, сондай-ақ өзін-өзі дамыту мен бастамашылық деңгейді анықтауға бағытталған сұрақтар қойылады. Сұрақтар мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерінде қойылады. Сонымен қатар, қосымша және нақтылаушы сұрақтар да қойылуы мүмкін.
⠀
Сұхбаттасу кестеге сәйкес өткізіледі. Ол үшін Сізге күнтізбеден сұхбаттасу күні мен уақытын алдын ала таңдау керек.Сұхбаттасудан бір күн бұрын Сізге дербес компьютердің, құлаққаптың, микрофонның жұмыс қабілеттілігін және интернеттің жылдамдығын тексеру қажет.
⠀
Күні мен уақытын таңдаған күні Сізге apa.talantiz.kz сайты арқылы, Сұхбаттасу кезеңіне кіріп, «СҰХБАТТАСУ» батырмасын басу қажет. Экранға Сізге кейс беріледі, Сізге кейспен танысып, жауап дайындау қажет болады. Қажеттілік туындаса, өз тұжырымдарыңызды жеке қағазға жазып алсаңыз да болады. Кейспен жұмыс жасауды бастаған кезде бөгеле алмайсыз, яғни, кезеңді тоқтата алмайсыз. Кейсті шешуге 15 минут беріледі, көрсетілген уақыт өткеннен кейін Сіз автоматты түрде сұхбаттасуға жіберілетін боласыз. Кейсті шешу және комиссия мүшелерімен сұхбаттасу осы кезеңнің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
⠀
Әңгімелесу барысында қойылған бағалау нәтижесін әр үміткер өзінің ЖЕКЕ КАБИНЕТІНЕН көре алады!
⠀
ҮМІТКЕРЛЕРГЕ СӘТТІЛІК!