Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалы Білім беру бағдарламаларын іске асыру және ілгерілету Кабинетінің аға әдіскері лауазымына білікті үміткер іздейді.
Сіз: бюджеттік бағдарламаға сәйкес шетелдік мамандарды тарта отырып, кәсіптік білім беру бағдарламаларының (қайта даярлау және біліктілікті арттыру) кестелеріне сәйкес қайта даярлау мен біліктілікті арттыру бойынша семинарлар ұйымдастырасыз; мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметтерімен ынтымақтаса отырып, топтар құрасыз және педагогикалық қызметкерлерді тарта отырып, кәсіптік білім беру кестелерінің (бағдарламаларының) орындалуын қамтамасыз етесіз; оқыту бағыттары, түрлері мен формалары тұрғысында оқу жоспарларын жинайсыз, өңдейсіз, құрасыз және енгізесіз; тыңдаушыларды тіркейсіз, ашылуы мен жабылуын ұйымдастыруға және дайындауға қатысасыз; сабақтарды жүргізетін адамдардың сабақтарына, әрбір іске асырылған бағдарламаларға қатысып, дәріс берушіге / жаттықтырушыға / сарапшыға көмек көрсетесіз; тыңдаушылардың сабаққа қатысуын бақылап және әрекеті туралы персоналды басқару қызметтеріне хабарласып қатынаста боласыз; лекторлармен / жаттықтырушылармен / сарапшылармен өзара әрекеттесіп, сабақ кестесінің кестеге сәйкес уақытында өтуін бақылайсыз; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының оқу үдерісімен бірге жүретін оқу және есепке алу құжаттамасын жүргізесіз (бұйрықтар, тыңдаушыларды тіркеу журналдары, топтық тізімдер, сертификаттар беруге тіркеу журналы және т.б.); мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламаларының тиімділігін анықтау үшін мемлекеттік қызметшілерге сауалнамалар таратып және қорытындылайсыз; біліктілікті арттыру бағдарламалары барысында тыңдаушыларға консультациялық қызмет көрсетесіз; тыңдаушылармен ұйымдастыру мәселелері бойынша байланыс орнатасыз; мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бағдарламаларын табысты аяқтағаны туралы сертификаттар дайындайсыз.
Сізге іріктеуден сәтті өту үшін мыналар қажет:
- Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім (шетелдік жоғары оқу орны дипломының болғаны жақсы) болуы жақсырақ;
- Қажетті кәсіптік тәжірибе: оқу орындарында немесе мамандық бойынша және/немесе мемлекеттік қызметте 5 жыл жұмыс тәжірибеңіз (Қазақстандағы шетелдік немесе жоғары рейтингті университеттерде болған дұрыс) болғаны абзал;
- алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат;
- біліктілікті арттырудың және/немесе оқыту бағдарламаларына қатысудың қазақстандық және халықаралық сертификаттары;
- қазақ және орыс тілдерін еркін меңгеру.
Егер Сіз өзіңізді осы лауазымға лайықтымын деп санасаңыз, өз үлесіңізді қосуға және бізбен бірге үздіксіз дамуға дайын болсаңыз, өз түйіндемеңізді 2021 жылдың 10 қыркүйегіне дейін krg.info@apa.kz адресіне жіберіңіз.