Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 13 ШІЛДЕ — коронавирус инфекциясынан қаза тапқан отандастарымызды еске алу ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ деп жариялады.
⠀
«Мың өліп, мың тірілген» дана халқымыздың тарих толқынында талай қилы заманды еңсергені ақиқат. Жер жүзін үрей құрсауында ұстап отырған «Тәжді вирус» халқымыздың басына төнген үлкен сын сағатына айналды.
⠀
Осынау қиын-қыстау кезеңде кесірлі індеттен көз жұмған барша қазақстандықтардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз!