Сонымен қатар филиалдың жыл бойғы жетістіктеріне тоқталды. Егемен еліміздің ән ұранымен басталған жиын барысында Елбасының осыған дейінгі бағдарламалық құжаттарына тоқталып, алдағы даму жолымызда осы қағидатты ұстану басты басымдық деп танылды.

Сонымен қатар, биыл Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасымен тығыз іскерлік қатынаста болғанымызды мақтанышпен айтамыз. Өңіріміздегі жастар саясатын тиімді түрде жүзеге асуы екіжақты ұжымдастықтың өз нәтижесі деп білеміз. Осы орайда еңбегімізді бағалап, алдағы уақытта да ұжымдастықты дамыту мақсатында жастар саясаты басқармасы алғыс жариялап, ресми түрде құттықтады.